Дербес компьютер, ноутбуктер, планшеттер мен смартфондар жеке адамдар мен ұйымдардың бір-бірімен байланыс орнатып, интернетті қолдануына, деректерді жасап, сақтап, бөлісуіне көмектеседі. Мұндай құрылғыларды жоғалтудың, оларға заңсыз қол жеткізу немесе ұрлаудың жеке адамға, кәсіби маманға, қаржыға және адам беделіне тигізер салдары орасан зор. Цифрлық құрылғыңызды қалай қорғап, қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ету керегін білу цифрлық қауіпсіздіктің маңызды бөлігі.