Интернеттегі жеке және кәсіби өміріміздің көбін біз басқалармен электронды пошта, мессенджер арқылы сөйлесіп, аудио, видео қоңырау шалуға жұмсаймыз. Құпия ақпаратты ұрлап, оны алдау, бопсалау, қорқыту немесе өзін басқа адам ретінде таныстыру мақсатында алаяқтар осындай әңгімелерге қол жеткізуге тырысады. Әңгімелеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қауіпсіз, шифрланған байланыс арналарын пайдаланудан басталады.