Кедергілерді еңсеріп, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізу үшін адамдар қайда болса да цифрлық құрылғыларды қолданады. Алайда арам ойлы кибербұзақылар мұндай жетістікке қауіп төндіруде. Олай болса, өзіңізді қалай қорғау керегін үйреніңіз. Біз цифрлық қауіпсіздік деп аталатын күрделі әлемді CyberSTAR-дың алты тақырыбына сүйене отырып түсіндіруге тырысамыз. Олар:
Қауіп
Әлеуметтік инженерия, фишинг және зиянды бағдарламалық жасақтама сияқты цифрлық алаяқтықты тани білу.
Құпия сөздер
Күрделі құпия сөздер мен аутентификацияның көмегімен парақшаны басқару.
Құрылғылар
Жұмыс үстелін, ноутбуктарды, планшеттерді, смартфондарды және басқа құрылғыларды қорғау.
Деректер
Маңызды ақпаратты рұқсатсыз алудан, ұрлаудан және заңсыз пайдаланудан қорғау.
Әңгімелесу
Мәтіндерді, аудио және видео жазбаларды рұқсатсыз алудан қорғау.
Идентификация
Әлеуметтік инженерия мен имперсонацияға жол бермес үшін жекебасқа қатысты ақпаратты қорғау.
Вебсайтты қолдану үшін жай ғана цифрлық қауіпсіздік тақырыбын таңдап, оның негіздерімен таныс болып, оларды күнделікті цифрлық өміріңізде қолдансаңыз жетіп жатыр. Жасаған әр қадамыңыз интернетті қауіпсіз қолдануыңызға жол ашады. Сізді алға жылжи беруге шақырамыз!
(Оқып-үйрену ресурстары бұл сайтта сегіз тілде берілген. Ағылшын немесе орыс тіліндегі сайттан білім беру ресурсын да таба аласыздар. Олардың барлығы CyberSTAR тренерлері үшін жасалғандықтан, оны кез келген адам еркін қолдана алады.)
Олай болса алға: білім нәрімен сусындап, өзіңізді кибер қылмыскерлерден қалай қорғау керегін үйреніңіз. Немесе ресурстарға қатысты жобамен танысқыңыз келсе, төменде берілген мәліметті оқыңыз.
CyberSTAR Әдісі
CyberSTAR – Кибер қауіпсіздікті оқыту, бағалау және жауап беру дегенді білдіреді. Бұл - SecDev Foundation ұйымының бірегей әдістемесі және қауіп аймағына жататын шағын азаматтық қоғам ұйымдарының (АҚҰ) цифрлық тұрақтылығын нығайтуды мақсат етеді. CyberSTAR қолдауымен әлемнің жүзден астам АҚҰ-ы өздерін, жұмысшыларын және бенефициарларын кибер қауіптен қорғап отыр.
CyberSTAR-дың толыққанды жұмыс процессі АҚҰ жүйесі мен іс-тәжірибесінің осал тұстарын бағалаудан басталады. Бұл олардың цифрлық гигиенасын жақсартуға қажетті стратегияны жасауға көмектеседі. Ұзақ уақыт бойы қызметкерлерді оқыту, тәлімгерлік пен саясатты қолдау – жетістік бұнымен тоқтап қалмай болашақта да жалғасатынын көрсетеді.
Әрине, аудит бойынша арзан цифрлық есеп алудың бұдан басқа да жолдары бар. Бұл IT мүмкіндігі жоғары ұйымдар үшін тиімді. Алайда, шағын АҚҰ-лар үшін бір есептің өзі үлкен кедергі келтіруі мүмкін. Демек, CyberSTAR-дың басты жетістігі аудит туралы есеп емес, керісінше, жетістікті бағалай білумен тығыз байланысты. Бұл мықты техникалық жүйе мен саясат, әсіресе қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуді білетін қызметкерлер деген сөз.
CyberSTAR қалай жұмыс істейді
Цифрлық қауіпсіздік диагностикасы: тез арада жоюды қажет ететін осал жерлерді 35 пункттен тұратын бағалау шкаласының көмегімен анықтайды.
Нақты уақыт режимінде желілер мен құрылғыларды профилактикалық жөндеу сияқты т.б. тікелей техникалық көмек көрсетіледі.
Ұйым жүйесі мен іс-тәжірибесіне цифрлық гигиенаны енгізу үшін жеке қажеттілікке сай тренингтер ұйымдастыру және саясатты қолдау.
CyberSTAR және әлем

2010-жылы пайда болған CyberSTAR Евразия, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдері және Оңтүстік-Шығыс Азияда кең қолданылып, дамып келеді. Қор қолдауымен іске асып жатқан жобалардың көбі CyberSTAR әдісін жергілікті қызметіне сай бейімдеп қолданады.
2016 жылдан бері, 100-ден астам АҚҰ ресми CyberSTAR бағдарламасын іске қосты. Сондай-ақ, сегіз Евразиялық және алты Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінде CyberSTAR қолдаушылары мен тренерлері желісін ашып жатырмыз. Олар өңірлік жобаларды қаржыландыру кезеңі аяқталғаннан кейін де АҚҰ-ларға қолдау білдіре береді.
Қазіргі кезде CyberSTAR-ды әлемнің түкпір-түкпіріндегі АҚҰ-ларға көптеп таныстыру жолдарын қарастырып жатырмыз. Ол үшін қаржыландырудың жаңа көздерін тауып, ақылы қызмет көрсетудің үлгісін жасауымыз керек. Оған дейін көптеген тілде жазылған ресурстарды осы сайтқа сала береміз. Сізді цифрлық тұрақсыздыққа қол жеткізу жолында оларды көптеп қолдануға шақырамыз.


Логотипіміз жедел медициналық көмек көрсетудің әмбебап символы – Өмір Жұлдызына ұқсас. Цифрлық алғашқы көмегіміз «пациентті» бағалап, оны тұрақтандырып, қалпына келтіруді қамтиды. Бұл – іс-әрекет пен нәтиже басты екенін еске салады.